Еліміздің көп бөлігінде аяз күшейеді
«Қазгидромет» 11 қаңтар күні ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еліміздің көп бөлігінде аяз күшейеді, бірақ оңтүстік пен батыс өңірлерде күн жылы және шуақты болады», — деп жазылған хабарламада.
Синоптиктер қалалар бойынша мынандай болжам жасады:
Астана: Аяз сақталады, жауын-шашынсыз. Түнде -10…-12°C, күндіз -5…-7°C. Жел 3-8 м/с.
Алматы: Күншуақ және жылы ауа райы. Түнде -8…-10°C, күндіз 0…+2°C. Жел 5 м/с.
Шымкент: Жылы күн күтіледі. Түнде -5…-7°C, күндіз +7…+9°C. Жел 3-8 м/с.
Ақтау: Ашық және шуақты. Түнде 0…+2°C, күндіз +6…+8°C. Жел 9-14 м/с.
Ақтөбе: Аязды және бұлтты күн. Түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C. Жел 2-7 м/с.
Атырау: Күншуақ әрі жылы. Түнде -5…-7°C, күндіз +1…+3°C. Жел 5-10 м/с.
Жезқазған: Қатты аяз күтіледі. Түнде -15…-17°C, күндіз -7…-9°C. Жел 5-10 м/с.
Қарағанды: Аяздың беті қайтпайды. Түнде -12…-14°C, күндіз -8…-10°C. Жел 5-10 м/с.
Көкшетау: Салқын және бұлтты. Түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C. Жел 5-10 м/с.
Қонаев: Жылы ауа райы сақталады. Түнде -8…-10°C, күндіз 0…+2°C. Жел 9-14 м/с.
Қостанай: Қатты суық болады. Түнде -10…-12°C, күндіз -3…-5°C. Жел 9-14 м/с.
Қызылорда: Ашық әрі жылы. Түнде -8…-10°C, күндіз +1…+3°C. Жел 9-14 м/с.
Павлодар: Тұрақты аяз. Түнде және күндіз -5…-7°C. Жел 9-14 м/с.
Петропавл: Қатты суық және бұлтты күн. Түнде -9…-11°C, күндіз -5…-7°C. Жел 9-14 м/с.
Семей: Қатты аяз болады. Түнде -11…-13°C, күндіз -4…-6°C. Жел 5-10 м/с.
Талдықорған: Қатты аяз сақталады. Түнде -18…-20°C, күндіз -1…-3°C. Жел 2-7 м/с.
Тараз: Жылы әрі шуақты. Түнде -7…-9°C, күндіз 0…+2°C. Жел 9-14 м/с.
Түркістан: Шуақты. Түнде -5…-7°C, күндіз +5…+7°C. Жел 5-10 м/с.
Орал: Бұлтты және салқын. Түнде және күндіз -2…-4°C. Жел 3-8 м/с.
Өскемен: Аязды және бұлтты. Түнде -9…-11°C, күндіз -4…-6°C. Жел 5-10 м/с.