Топ жетекшілері мен белсенділері уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жамбыл облысында радикалдық діни топың 11 мүшесі ұсталды. ҰҚК, прокуратура мен полиция қызметкерлері ұйымдастыған операция сәтті жүзеге асты, деп хабарлайы Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар әлеуметтік желілерде басқа дін өкілдерінің намысын қорғап, өздерінің үстемдігін айтып, аудио және видеоматериалдарды, соның ішінде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін таратқан. Аталған материалдардың кейбірі бұрын сот шешімімен діни алауыздықты қоздыратын ақпарат ретінде танылып, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынған. Тұрғылықты жерлерін тінту барысында түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар тәркіленді.
«Сараптама нәтижесінде осы материалдардан діни алауыздықты насихаттау белгілері анықталды. Топтың жетекшілері мен белсенді мүшелерінің төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалғандары қылмыстың куәгерлері ретінде кінәларын мойындады. Топ болып қасақана діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.