Сәтбаев қаласына аспаннан қар емес, күйе жауды
Жергілікті билік экологиялық проблеманың себебін түсіндірді
Әлеуметтік желілерде бірнеше бейнежазба жарияланды, онда автор мұз айдыны қою қара күйенің астында қалғанын көрсетеді, ал екінші бейнежазбада автокөлік иесі көлігі қара күйеге оранғанын түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаланың басты қазандығы «Қазақмыс» корпорациясының балансында болғандықтан кәсіпорын басшылығы қала әкімдігімен бірлесіп, экологиялық проблеманың себебін түсіндірді.
«Жыл сайынғы жөндеуге қарамастан 1962 жылы пайдалануға берілген негізгі жабдық айтарлықтай тозған және газ тазарту жүйелері толығымен ескірген, заманауи экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді», – деп мәлімдеді Сәтбаев қаласының әкімдігі.
2024 жылы қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмсалған шығындардың жалпы сомасы 1,6 млрд теңгені құрапты. Алайда негізгі жабдық – газ тазарту жүйесі жоқ. Бұл мәселемен «Қазақмыс» корпорациясы айналысып жатқан көрінеді.