Ақтөбеде полицейге пара бермек болған адам сотталды

Автор: Мақсат Әсел

Айыпталушы прокурормен процессуалдық келісім жасады

Фото: istockphoto.com

Көлік жүргізу құқығы жоқ және мас күйде рөлге отырған ер адамды полиция қызметкерлері тоқтатқанда 10 мың теңге пара бермекші болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицей парадан бас тартып, ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды, өйткені айыпталушы өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасады. Сотталушы тағылған айыптар мен дәлелдемелермен толық келісетінін мәлімдеді.

Соттың шешімі бойынша ер адам кінәлі деп танылып, оған параның 15 еселенген мөлшерінде, яғни 112 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.