Бірқатар өңірде жаяу бұрқасын жүріп, жел соғады
Cиноптиктердің болжамынша, еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматыда және Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с жел соғады.
Атырау облысының батысында тұман түседі.
Астанада жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні 23 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 10 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.