Қонаевтағы саябаққа жазушының есімі берілді

Автор: Мақсат Әсел

Демалыс орны екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен

Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Былтыр балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткені белгілі. Қонаев қаласында ұлы тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында  орталық саябаққа есімі берілдідеп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы аумағы 8 гектар жерді алып жатқан саябақта субұрқақтар, сахна, көрермен орны, дүңгіршектер, түрлі шағын сәулеттік мүсіндер бар. Орындықтар, жарық шамдары, қоқыс жәшіктері қойылған. Сондай-ақ саябақ аумағына 584 түп ағаш егілген. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорт және  футбол алаңы салынған.