Әдетте, керіктер 20 жылдан артық өмір сүрмейді
Алматы зообағында 25 жыл өмір сүрген жираф өліп қалған. Бұл туралы хайуанаттар бағы ресми хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біздің Хан дейтін сүйікті жирафымыз көз жұмғанын қайғырып хабарлаймыз. Ол қартайғанға дейін, яғни 25 жыл өмір сүрді. Негізінен керіктер 20 жылдан астам өмір сүреді. Өкінішке қарай, кәріліктің емі жоқ. Өлімнің себебі - қартаю. Хан өте мейірімді жираф еді, осы үшін оны хайуанаттар бағының қызметкерлері мен қонақтары жақсы көретін. Ханнан 12 керік қалды. Біз осы жылдар ішінде оған қамқорлық көрсеткендердің бәріне алғыс айтамыз» - деген зообақ мәлімдемесінде.
Хан Алматыға кезінде Оңтүстік Африка елінен келген екен. Ол жергілікті ауа райына тез бейімделіп кеткен. Неге екені белгісіз, бұл жаңалықты Алматы зообағы сәлден кейін өшіріп тастады. Алайда редакция зообақтың әлеуметтік желідегі парақшасынан скрин жасап үлгерді.