$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар енді қалай тексеріледі

Олар да салық төлемей жүр деген күдікке ілінуі мүмкін

Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар енді қалай тексеріледі
Фото: depositphotos.com

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы мобильді аударымдарды бақылау кезінде садақа мен емге жиналған қаражаттың тағдыры қалай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларына қаражат жинап жатады. Бұл - кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан қаражат емес. Сәйкесінше, ол салықтандыруға жатпайды, тек кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдар жатады. Емге жинап жатса, оны құжаттар арқылы растай алуы керек. Оларға хабарлама жолданса, ол тұлғалар құжат бойынша әрекеттерін растауы керек. Олардан жеке табыс салығы алынбайды. Хабарлама салық төлеушінің кабинетіне барады. Ол жерде түсінік беру деген батырма бар. Сол жерге құжаттарын жолдайды», - дейді Ерсайын Көптілеуұлы.

Осы жылдың қаңтарынан бастап елімізде мобильді аударымдарды бақылау жолға қойылды. Егер де айына 100 тұлғадан 255 мың теңге қаражат мобильді аударым арқылы шотыңызға түссе, кәсіпкерлік бойынша салық төлемей жүр деген күдікке ілінесіз. Бұл - көлеңкелі экономикамен күрес үшін жасалып отырған әрекет.

Айта кетейік, осыған дейін блогер Перизат Қайрат су тасқынына деп жиналған 1,5 млрд теңгеге қымбат көліктер мен үйлер алғаны туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары