«Мен иә дедім!»: Динара Сәтжанның тұрмысқа шығатыны рас па?

Автор: Мақсат Әсел

Бұған дейін ол өзінің өмірлік серігін жолқытырып, ұсыныс күтіп жүргенін айтқан болатын

Фото: dinarasatzhan/ Instagram

Динара Сәтжан инстаграмдағы парақшасында жүзік таққан қолының суретін жариялап, «Мен иә дедім» деп жазба қалдырды. Ал кімге тұрмысқа шығатынын құпия сақтауды жөн санаған,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Танымал тележүргізуші әрі кәсіпкер Тайландта демалып жүр. Динара Сәтжан әлеуметтік желілердегі блогын белсенді жүргізеді. Алайда ол жеке өмірі жайлы ақпарат жариялай бермейді. Көбіне кәсібі, қызы мен ата-анасы жайында айтады.

Бұған дейін Динара Сәтжан өзінің өмірлік серігін жолықтырып, ұсыныс күтіп жүргенін айтқан болатын.

Сонымен қатар, Динара Сәтжанның бір киімі мен әшекей бұйымына жұмсалған ақшаға Астана қаласынан жақсы пәтер сатып алуға болатынын жазған едік.