Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды

Автор: Мақсат Әсел

Іс сотқа жолданды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде қаласында жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы»  КММ-і директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша  іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.  Бұл деректі қалалық прокуратура өкілдері анықтады.

«Директордың әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген Ақтөбе облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.                                

Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.