$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2020, 13:21
Жаңалықтар

Жамбыл облысында 81 млн теңгеге жөнделген жол 1 айға жарамай қалды

Мердігер компания ауыр техникасымен өзге де жолдарды талқандап кеткен

Жамбыл облысында 81 млн теңгеге жөнделген жол 1 айға жарамай қалды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Жаңаөткел және Тоғызтарау елдімекендерінің арасындағы 6 шақырым жолдың жөнделгеніне бір айдан аспаса да, асфальттар үгітіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бірнеше ауылдың тұрғындары жөнделген жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтып, тиісті мекемелерге шағымданған.

Ұлттық сапа орталығының мамандарының сөзінше, жолдың бұзылуы мен кей жерлерге шөптің шығып кетуі асфальтты топырақ қабатын алмай төсегеннен болған. Бірақ құны 95 миллион теңгенің жобасын 81 миллионға  бітіреміз деп алған мердігер компания жолды қайта жөндеуден бас тартқан.    

«Бұл жерде қозғалыс аз болғаннан шығып жатыр деп ойлаймын. Көбірек жүру керек шығар. Өйткені, шығып жатқан шөпті білмеймін. Бетінен тағы да жіберіп, таптатамыз мынаны», - деген  «Жол де Люкс» ЖШС директоры Байбосын Елікбай.

Жолды мемлекеттік комиссия 25 мамыр күні қабылдап алуы тиіс.

«Егер де кемшіліктер анықталып жатса, біз тізіп жазып береміз. «Мынадай-мынадай кемшіліктерді жойыңыз», деп. Сол жерде акт жазылады. Сол актіні береміз мердігерге», - дейді Жамбыл аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ербол Жайлаубеков.

Сонымен бірге мердігер компания асфальтты жөндейміз деп, жуырда 87 миллион теңгеге төселген Өрнек пен Тоғызтарау ауылдары арасындағы жолды талқандап кеткен. Себебі, құрылыс кезінде жүруге тыйым салынған 40 тонналық ауыр жүк көліктері пайдаланылған.

«Айналайындар-ау. Өмірі атамызда көрмеген, ғасыр бойы көрмеген жолымыздың қызығын еш болмаса 10 жыл көрмедік қой. Ал, ертең қар жауса не болады сонда», - деп пікір білдіреді Тоғызтарау ауылының тұрғыны Өріккүл Шонтаева.

Мамандардың есебі бойынша қазір 6 шақырымдай жолдың 20%-і жарамсыз.

Серіктес жаңалықтары