$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Түркістан облысының экс-әкімін қабылдап, атқарған жұмысына баға берді

Ол қазір Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Тоқаев Түркістан облысының экс-әкімін қабылдап, атқарған жұмысына баға берді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экс-әкімін, Президент Әкімшілігі басшысының жаңадан тағайындалған бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысының әкімі ауысып, бұл қызметке Нұралхан Көшеров тағайындалған болатын.

Серіктес жаңалықтары