Олардың басым бөлігі қалаларда өмір сүреді
Қазақстан халқының саны 2024 жылдың желтоқсанында 20,2 миллион адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәселен, өткен жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 265 320 адам тұрған. Бұл 2024 жылдың басымен салыстырғанда 231 478 адамға көп.
Табиғи өсім 217 133 адамды, көші-қон 14 345 адамды құрады.
Қазақстанда миллионнан астам тұрғыны бар үш қала бар:
Ең көп қоныстанған облыстар Түркістан облысы (2 154 304 адам), Алматы облысы (1 557 932 адам), Жамбыл облысы (1 222 411 адам) және Қарағанды облысы (1 134 002 адам).
Қазақстандықтардың жартысынан астамы қалаларда тұрады – 12 629 615 адам, ал 7,5 миллионнан астамы – ауыл тұрғындары.
Сондай-ақ, Ұлттық статистика бюросы қыздар мен ұлдар арасындағы ең танымал есімдерді жариялады: