$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде 21 жастағы кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасауды бизнеске айналдырған

Өнім халық арасында сұранысқа ие

Семейде 21 жастағы кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасауды бизнеске айналдырған
Фото: gov.kz

2019 жылы 21 жастағы Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ өндіру идеясымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ал, 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша ол 5 млн теңге көлемінде өтеусіз грант алды.

Бұл қаржыға жас кәсіпкер Семей қаласында қымыз бен саумалдан балмұздақ шығаратын шағын цех ашқан. Содан кейін авторлық құқық алып, «Qazice» атты өнімін патенттеген.

«Қазір Айдын Астана, Алматы, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында және Алакөл демалыс орталығында қымыз, саумал, сондай-ақ түрлі жемістерден жасалған балмұздақтың 18-ден астам түрін сатады.Шымкент пен Түркістанда Qazice сату нүктелерін ашу жоспарлануда. Өнім халық арасында жақсы сұранысқа ие», - деп хабарлайды АШМ.

Ұлттық брендті ілгерілету және отандық өнімді шетелде танымал ету мақсатында географиялық көрсеткішті тіркеуге өтінім берілді.

 

 

Серіктес жаңалықтары