Шымкентте есірткі сатқан екі студент ұсталды

Автор: Мақсат Әсел

Тексеру кезінде полицейлер олардан «синтетика» салынған 50 орама тәркіледі

Фото: https://polisia.kz/

Жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағына есірткі жасырып, оның қайда екенін мессенджер арқылы бөлісіп отырғаны анықталды, деп Polisia.kz сайтына сілтеме жасап Azattyq Rýhy хабарлайды.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды.

Аталған қылмыс үшін студенттер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тәртіп сақшылары есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.