ШұғылЕлімізде бір тәулікте 400 адам коронавирус жұқтырған

Елордада 10 жасар бала түнгі сағат үште компьютер клубынан табылды

Тиісті адамдар жауапқа тартылды

Фото: ашық дереккөзден

Елордада 10 жасар бала компьютер клубынан табылды. Баланың ата-анасымен әңгімелесу өткізіліп, мекеме әкімшілігі жауапқа тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елорданың ювеналды полицейлері еріктілермен бірге қоғамдық орындарда түнгі уақытта заңды өкілдерсіз жүрген балаларды анықтады. Рейдтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен ескерту, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

«Есіл ауданының ювеналды полиция қызметкерлері 18 мамырда түнгі сағат 03.00 шамасында елордалық компьютер клубының бірінен 10 жасар баланы тапқан. Аталған факті бойынша, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар компьютер клубының әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген елордалық полиция департаменті таратқан баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тыйым салынғанына қарамастан, жұмысын тоқтатпаған клуб иесіне қатысты материалдар аудан прокуратурасы мен әкімдігіне жіберілді.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады