Жер сілкінісі Алматы қаласынан 420 шақырым жерде болды
Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
4 қаңтар күні Астана уақытымен 12:05-те Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
«2025 жылдың 4 қаңтарында Астана уақыты бойынша 12 сағат 05 минут 55 секундта сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде орналасқан», – делінген жедел хабарламада.
Жер сілкінісінің қуаты мен зардаптары туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.