04.01.2025, 10:05
Жаңалықтар
Петропавлда шетелдіктер Абай мен Пушкиннің ескерткішіне шығып алды
Қоғамдық тәртіпті бұзған жастар ұсталды
Фото: скриншот
Петропавлда ұлы ақындар Абай мен Пушкиннің ескерткішіне шығып, қоғамдық тәртіпті бұзған жастар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
1 қаңтар кешінде қала тұрғындары ескерткішке үш жас жігіттің суретке түсу үшін шыққанын байқаған. Куәгерлердің айтуынша, олар өздерін әдепсіз ұстаған.
«Жаяу патруль бейнебақылау инспекторларының көмегімен тәртіп бұзушыларды тез арада ұстады», — деді полиция өкілдері.
Ұсталғандарға қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар олардың Қазақстанда болу мерзімі өтіп кеткені анықталды. Бұл үшін де олар қосымша жауапкершілікке тартылады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды