ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ризашылықпен бастайды деп үміттенемін»: анасын іздеген бельгиялық Жәнібек тілегін білдірді

Ол 2002 жылдың 17 қаңтарында Арқалық қаласында өмірге келген

«Ризашылықпен бастайды деп үміттенемін»: анасын іздеген бельгиялық Жәнібек тілегін білдірді
Фото: Instagram/muratsaveliev

Қазақстанда туып-өскен, алайда тағдырдың жазуымен бельгиялық жалғызбасты әйел адам асырап алған Мұрат Савелиев тілегін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол ойын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«Құрметті достар, әркім жаңа жылды ризашылықпен бастайды деп үміттенемін.

Сізге жаңа жыл құтты болсын және жақын күндері жүздесеміз деп үміттенемін!» - деп жазды бельгиялық Жәнібек.

Айта кетейік, оның ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғыз басты анасы асырап алуға алып кеткен.

Осыған дейін Жәнібектің анасын іздеп жүргені туралы жазған жазбасы жұртты жылатқан болатын.

Серіктес жаңалықтары