Павлордар облысының әкімі өңір жұртшылығын аттың үстінде отырып құттықтады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол облыс тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Жаңа жыл мерекесімен өңір жұртшылығын атты үстінде отырып құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол құттықтау видеосын Instagram парақшасында жариялады.

«Сізді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл елімізге, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін! Қазақстан өркендей берсін! Жаңа жыл халқымыз үшін құтты-берекелі жыл болсын!» - деп жазды Асайын Байханов.