$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақ қызына үйлен»: туған анасын іздеген бельгиялық Жәнібекке жұрт ақылын айтты

Қазақ жігітіне жұрт ақылы мен тілегін айтты

«Қазақ қызына үйлен»: туған анасын іздеген бельгиялық Жәнібекке жұрт ақылын айтты
Фото: Facebook/janibek.saveliev

Қазақстанда кіндік қаны тамып, алайда тағдырдың жазуымен кейіннен бельгиялық отбасы асырап алған Мұрат Савелиевке қазақстандықтар желіде ақылын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бельгиялық Жәнібекке жұрт анасының табылып, қазақ қызымен шаңырақ көтеруін тіледі.

«Еліңді, кіндік қаның тамған жеріңді ұмытпа. Қазақ қызына үйлен. Көбей, ұрпағыңмен мың жаса!», «Жәнібек сен өте жақсы баласың, қазақ қызына ғашық болып отбасын құр», «Сондай сұлу, көз тимесін, әнебір қыздардан қызғанамын», «Оқып отырсам барлық қазақ әжелерінің, аналарының, апаларының, қарындастарының бір ғана тілегі: аман жүр, анаң тезірек табылсын деген тілектер екен. Қабыл болсын!», «Бауырым, бар жақсылықты тілеймін! Қазақ елі сені әрқашан құшақ жая қарсы алады. Күтеміз», - деп жазды желі қолданушылары бельгиялық Жәнібекке ақылы мен тілегін білдірді.

Айта кетейік, оның ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғыз басты анасы асырап алуға алып кеткен.

Осыған дейін Жәнібектің анасын іздеп жүргені туралы жазған жазбасы жұртты жылатқан болатын.

Серіктес жаңалықтары