02.01.2025, 18:40
Жаңалықтар
Шымкентте өрттен жеті адам эвакуацияланды
Зардап шеккендер жоқ
Фото: depositphotos.com
Шымкентте алты қабатты тұрғын үйде болған өрттен жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Әл-Фараби ауданындағы Анаров көшесінде орналасқан алты қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер өртті жылдам сөндіріп, көрші пәтерлерден жеті тұрғынды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және төтенше жағдайлар туындаған кезде тез арада 112 нөміріне хабарласуға шақырады.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды