LRT құрылысы: Астанада көлік қозғалысына енгізілген шектеулер ұзартылды
Бұл шектеу 2025 жылдың қаңтарына дейін созылады
Астанада LRT жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылындағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулердің мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CTS жазуынша, LRT жобасының 105-станциясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты, Қабанбай батыр даңғылының «Астана жұлдызы» аялдамасынан Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі (100 метрлік) бөлігінде автожолдың бір жолағы уақытша жабылды. Бұл шектеу 2025 жылдың қаңтарына дейін созылады.
«Шектеулер құрылыс және инженерлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Бұл шаралар жұмысшылар, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды. Компания уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұрап, тұрғындарға түсіністік пен шыдамдылық танытқандары үшін алғысын білдіреді», — делінген хабарламада.
Көлік жүргізушілеріне қозғалыс жоспарында уақытша шектеулерді ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. Бұл жолдағы кептелістерді болдырмауға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.