СҚО-да жол апатынан аман қалған жүргізушіні тағы бір көлік қағып өлтірді
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады
Акмола облысында жол апатынан аман қалған жүргізуші қайғылы жағдайға тап болды. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайғылы оқиға 30 желтоқсанда Екатеринбург – Алматы тас жолында, Ақмешіт ауылының маңында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен», — делінген хабарламада.
Осыдан кейін жүргізуші жолаушымен бірге көлікті тексеру үшін сыртқа шыққан. Сол сәтте сол бағытта келе жатқан «Тойота Эстима» автокөлігінің жүргізушісі де басқаруды жоғалтып, жолдан шығып кетіп, 53 жастағы «Газель» жүргізушісін қағып кеткен.
«Ауыр жарақаттардан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, жеңіл автокөліктегі үш жолаушыны жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізді», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.