01.01.2025, 15:17
Жаңалықтар
Ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы шектелді
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады
Фото: © istockphoto.com
1 қаңтарда Қазақстанның бірнеше республикалық автожол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сағат 13:00-ден бастап барлық көлік түрлеріне қозғалыс келесі республикалық автожолдарда шектелді:
Ақмола облысында:
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 232-260 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);
- Жақсы – Есіл – Бузулук автожолының 71-82 шақырымы (Ақсайдан Бузулукке дейін);
- Жезқазған – Петропавл автожолының 536-553 шақырымы (Бузулук ауылынан Сұрғанға дейін).
- Сағат 15:00-де барлық көлік түрлеріне қозғалыс Екатеринбург – Алматы республикалық автожолында шектеледі:
Қостанай облысында:
- 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 108-232 шақырымы (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысында:
- 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).
Жолдарды ашу уақыты 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 09:00-ге жоспарланған.
Көп оқылған
28.02.2026, 12:13
Ақтөбеде оқушы қыз жүкті болып қалған: қылмыстық іс қозғалды
28.02.2026, 14:48
Интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері пайда болды – Бас прокуратура
28.02.2026, 20:04
Ирандағы шабуыл: Әли Хаменейдің «көзі жойылды»
01.03.2026, 01:17
Иранға жасалған әскери шабуыл салдарынан жүздеген қазақстандық елге орала алмай жатыр
28.02.2026, 16:47
Көктемнің алғашқы күнінде ауа райы қандай болады
01.03.2026, 11:39
Ирандағы қазақстандықтар елге қалай оралады
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған