01.01.2025, 10:09
Жаңалықтар
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
Олар қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: depositphotos.com
Өскемен қаласында жетінші қабаттағы пәтердің балконы өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.
«Өрт көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтердің балконында шыққан. Жалынның жалпы аумағы 4 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер жетті», — деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіру қызметі тұрғындарды құтқару үшін дереу әрекет еткен. Баспалдақ арқылы жеті тұрғын, оның ішінде екі бала қауіпсіз жерге көшірілген. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті жылдам сөндіріп, жағдайды бақылауға алды.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды