Жаңа жыл мерекесінде жол қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді

Автор: Мақсат Әсел

Жолды күтіп-ұстауға 1200 бірлік арнайы техника мен 1500 маман жұмылдырылды

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі

«ҚАЖСервис» мекемесінің жол қызметі жаңа жылдық мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 1200 бірлік арнайы техника мен 1500 жол қызметінің мамандары жұмылдырылады.

«Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысының қауіпсіздік ережелерін және жылдамдық режимін сақтауды, сондай-ақ рөлге сау күйлеріңізде отыруды естеріңізге саламыз. Жолдағы қауіпсіз қозғалыс - өзіңізге байланысты», - делінген хабарламада.

Республикалық автожолдардағы жағдай туралы өзекті ақпаратты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми сайтынан, Sapar мобильді қосымшасынан және тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып біле аласыздар.