Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан 179 адам қаза тапты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан 179 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.