28.12.2024, 18:13
Жаңалықтар
Петропавлда бес көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды
Бұл шара технологиялық ақауды жою үшін қабылданған
Фото: © istockphoto.com
Петропавлда апатқа байланысты бірқатар үйде жылу беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск News-ке сілтеме жасап.
«27 желтоқсан күні «Севказэнерго» АҚ орталық ауданда жылу беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шара технологиялық ақауды жою үшін қабылданған», — деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жылу беру қызметі ең қысқа мерзімде қалпына келтіріледі деп күтіліп отыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)