$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев биыл 23 елге барып, өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесті

Президенттің биылғы атқарған жұмысына шолу жасалды

Тоқаев биыл 23 елге барып, өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесті
Фото: Ақорда; Фотоколлаж: «Егемен Қазақстан»

Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты. Олардың қатарында форумдар, кеңестер, отырыстар секілді түрлі форматта өткен жиындар бар. Еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Егемен Қазақстан» басылымының мәліметінше, мемлекет басшысы биыл 3 979 құжатты қарап, қол қойды. Оның ішінде 95 заң, 319 жарлық, 81 өкім, 28 отырыс хаттамасы, 3 456 қызметтік құжат қабылданды (25 желтоқсандағы мәлімет бойынша).

Сыртқы саясатта да жемісті жыл болды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 23 рет шет мемлекетке сапарлады, 19 халықаралық форум мен саммит жұмысына атсалысты. Халықаралық іс-шаралар аясында өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесті. Сондай-ақ шет мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілерімен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен 84 кездесу өткізді. 22 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. Мемлекет басшыларымен 49 мәрте телефон арқылы сөйлесті.

Енді осы сандармен өрнектелген жұмыс кестесінің барысында ел игілігі үшін жасалған істерге назар аударайық.

Ең әуелі, жыл басындағы ақжолтай жаңалықты айта кеткен абзал. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қаңтарда «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылы­сындағы өзгерістер туралы» жарлыққа қол қойды. Жетіген ауылы Алатау қаласы болып қайта құрылды. Осылайша, келешекте Алматы мен Қонаевтың ортасында бой көтеретін Alatau City қаласының іргесі қаланды. Бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан жаңа урбанистік жобаны жүзеге асыруға шетелдік инвесторлар айрықша қызығушылық танытып отыр. Президент Сингапур сапарында және одан кейін де әлеуетті инвесторлармен кездесіп, Алматы агломерациясын өркендеген экономикалық аймаққа айналдыруды көздейтін жобаның жай-жапсарын талқылады.

Серіктес жаңалықтары