Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі сарапшылар келгеннен кейін ғана ашылады
Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі сарапшылар келгеннен кейін ғана ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Халықаралық тергеу алгоритмі бар. Алдымен барлық жиналған мәліметтер негізінде қара жәшіктерді декодтау туралы шешім қабылдайтын комиссия құрылады. Ертең сарапшылар келіп, оларды талдағаннан кейін декодтауды қалай жүргізу керектігі туралы шешім қабылданады», – деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, кеше, 25 желтоқсанда Ақтауда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзірбайдан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 67 адамның (62 жолаушы, 5 экипаж мүшесі) 38-і қаза тапты.