25.12.2024, 12:41
Жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апатынан 11 ересек пен 1 бала ауруханаға түсті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпарат таратты
Фото: Lada.kz
Ақтаудағы ұшақ апатынан 12 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (олардың біреуі – бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, бортында экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған. Қазір оқиға орнында 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды