25.12.2024, 07:19
Жаңалықтар
Рудныйдағы ірі кәсіпорында жұмысшы қайтыс болды
Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: instagram.com/ssgpo_erg
Рудныйда Соколов-Сарыбай кен байыту орнында жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы жағдай Кен дайындау және байыту цехында болған. Жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан слесарь жарақат алып, мерт болған.
«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) Кен дайындау және байыту цехында жазатайым оқиға болды.
Вагонаударғышты жөндеп жатқан слесарь жарақат алып, қаза тапты. «ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады. Оларға қажетті көмек көрсетілетін болады. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды