Ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Ел біріншілігіне 300-ге жуық спортшы қатысты

Ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан чемпионатына ерлер мен әйелдер құрамасынан жалпы 300-ге жуық спортшы қатысып, үздіктерді анықтады.
Ерлер арасында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Тимур Қабдешов (54 келі), Талгат Сырымбетов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Азамат Бектас (80 келі), Данияр Рахимбердиев (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ел чемпионы атанды.
Ал әйелдерде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) алтын медальді еншіледі.
Сонымен қатар, чемпионат аясында Қазақстанның ең үздік боксшысы атағы сарапқа салынды. Аталған біріншілікте ең үздік боксшы атағын екі былғары қолғап шебері жеңіп алды. Оның бірін ерлер арасында 67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан иеленсе, әйелдер арасында бұл атаққа 48 келі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай ие болды.
Айта кетейік, ел біріншілігі Қарағанды қаласында өтті.