25.12.2024, 08:21
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы 25 желтоқсанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Қостанай қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады
13.08.2026, 17:45
35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды