$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: Қызылордада тағы бір айыпталушыға сот үкімі шықты

Жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды

Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: Қызылордада тағы бір айыпталушыға сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда қаласының № 2 сотында сотталушы Ж.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

«Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра ол пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Оның кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді», - делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын көрсетті. Қорғаушы сотталушыны ҚР Қылмыстыұ кодексінің 309-бабы 2-бөлігі 2), 3)-тармақтары бойынша ақтауды сұрады.

«ҚР Қылмыстық кодесінің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Аталған кодекстің 53-бабына сәйкес іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас баласының болуы танылады. Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген. ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза мерзімі кодекстің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды. Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігінің 2), 3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», -делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қызылордада сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушылар күдікке ілінген болатын.

Серіктес жаңалықтары