Ол нақты шаралар қабылдауды ұсынды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Семейде көшедегі шыршаны безендіріп жатып, құлап кеткен, соның салдарынан ауыр жарақат алған мұғалімнің оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Семей қаласында мұғалімдерді шырша орнатуға тартып, соның салдарынан бір мұғаліміміздің ауыр жарақат алғаны алаңдатты. Мұндай жағдайды жай ғана «жаңсақтық» деп қарастыруға болмайды. «Педагог мәртебесі туралы» заңның 6-бабында нақты көрсетілген: мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады», - дейді ол.
Депутат атағандай, Жаңа жылға дайындық, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі «дәстүрлерден» біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу.
Аймағамбетов осы оқиғаға қатысты нақты шаралар қажет екенін алға тартып отыр. Атап айтқанда:
«Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқықтарын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жарақат алған әріптесімізге тезірек сауығып кетуін тілеймін. Министрліктің бұл мәселені бақылауға алғаны – үміт береді», - деді Аймағамбетов.
Айта кетейік, Семейде жаңажылдық шыршаны безендіріп жүрген мұғалімнің жарақат алғанын хабарлағанбыз. Оқиғаға байланысты Оқу-ағату министрі Ғаи Бейсембаев пікір білдірген болатын.