23.12.2024, 09:44
Жаңалықтар
Бірқатар облыста қар жауады: алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады
Фото: depositphotos.com
«ҚазАвтоЖол» республикалық тасжолдардағы ауа райы туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылғы 23 желтоқсанда Абай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде.
«Осыған байланысты жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды