Заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады
Семейде шырша безендіріп жүрген мұғалімнің жарақат алуына байланысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы Абай облыстық Білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту фактісі бойынша Абай облысының білім басқармасы барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс бастады. Заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Семейде жаңажылдық шыршаны безендіріп жүрген мұғалімнің жарақат алғанын хабарлағанбыз. Оқиғаға байланысты Оқу-ағату министрі Ғаи Бейсембаев пікір білдірген болатын.