Түркияда тікұшақ аурухана ғимаратына соғылды: қаза тапқандар бар

Автор: Дәулет Ботагөз

Кейінірек тікұшақ аурухананың ауласында құлап түскен

Фото: TRT Haber

Түркияның Мугла қаласында медициналық тікұшақ жергілікті аурухананың ғимаратына соғылып, апатқа ұшырады. Бұл TRT Haber жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Тікұшақ Мугла қаласындағы Сыткы Кочман атындағы ғылыми-зерттеу госпиталінің ғимаратына соғылған. Кейінірек тікұшақ аурухананың ауласында құлап түскен. Төтенше жағдайлар қызметі апат орнында жұмыс істеп жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Тікұшақ Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі болғаны анықталды. Апат салдарынан екі ұшқыш, бір дәрігер және медициналық қызметкер қаза тапты.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнын тексеруді жалғастырып, апаттың барлық мән-жайын зерттейді.