Шымкентте жаңа жылдық шырша жанып кете жаздады (ВИДЕО)

Автор: Мақсат Әсел

Оқиға шыршаны жағу рәсімі кезінде болған

Бейнеден кадр

Шымкентте жаңа жылдық шырша жанып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, «Астана» алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды. Соның салдарынан шыршаның 0,2 шаршы метр аумағы жанды. 

«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт 4 минут ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - делінген хабарламада.