Қазақстандық ғалымдар Корея мамандарымен бірге сирек металдарды қайта өңдеу технологияларын әзірлейді
Осы бағытта ғылыми-зерттеу орталығы іске қосылып жатыр

Ғылым және жоғары білім министрлігі Satbayev University мен Оңтүстік Кореяның KITECH компаниясы сирек жер металдарын қайта өңдеу бойынша Ғылыми-зерттеу орталығын іске қосып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстандық ғалымдар мен Кореяның Өнеркәсіптік технологиялар институты (KITECH) бірлесіп, сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын тереңдете қайта өңдеу технологияларын әзірлеуге келісті. Бұл орталықты құру туралы меморандумға осы жылдың қыркүйек айында қол қойылған болатын. Бүгін Сәтбаев университеті Металлургия және байыту институтының ғалымдары мен KITECH басшылары кездесті», — деп жазылған министрлік хабарламасында.
Сирек және өте сирек кездесетін жер металдары саласындағы технологиялық ынтымақтастық қарым-қатынас орталығы Қазақстанда пайдалы қазбаларды тереңдете қайта өңдеу бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеудің негізгі алаңына айналады. Бұл сирек кездесетін жер металдарын өнеркәсіптік негізде өңдеуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, аталған жобамМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым мен өндірістің өзара байланысын нығайту жөніндегі тапсырмасын іске асырудың маңызды кезеңі болып отыр.