$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұманғарин ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Жұманғарин ұлттық экономика министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді: сауда саясаты; агроөнеркәсіп кешені; жер қатынастары; ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары