20.12.2024, 20:21
Жаңалықтар
Алматы әуежайындағы рейстер кешігіп жатыр
Ауа райының қолайсыз жағдайы ұшақтарды мұзға қарсы өңдеу жұмыстарына кедергі келтіріп отыр
Фото: © istockphoto.com
Алматыда қалың қар жаууына байланысты Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауа райының қолайсыз жағдайы ұшақтарды мұзға қарсы өңдеу жұмыстарына кедергі келтіріп отыр.
Әуекомпания жолаушылардан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусы туралы ақпаратты тексеріп алуды сұрайды.
Әуежай қызметкерлері жолаушыларға ыңғайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, қауіпсіздіктің ең маңызды екенін атап өтті. Қалың қарға байланысты ұшу қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталып, барлық рейстер мұқият тексерілуде.
Жолаушыларға сапарын жоспарлауда уақыт пен жағдайды ескеруге кеңес беріледі.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды