$ 522.63  548.66  5.07
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 14 мәрте мал ұрлаған барымташы ұсталды

Жедел іздестіру кезінде күдіктінің өзі ұрлаған ірі қараны әлеуметтік желілерге жариялап сатқаны әшкереленді

Атырауда 14 мәрте мал ұрлаған барымташы ұсталды
Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысы Жылыой ауданында полиция ірі көлемдегі мал ұрлығын ашып, күдіктіні қолға түсірді. Жедел іздестіру шаралары барысында мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдікті бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында оның маусым-тамыз аралығында Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында 14 мәрте мал ұрлығын жасағаны белгілі болды. Қаскөй жалпы саны 34 бас ірі қараны ұрлап, жәбірленушілерге 5 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

«Жедел іздестіру кезінде күдіктінің өзі ұрлаған ірі қараны әлеуметтік желілерге жариялап сатқаны әшкереленді. Сондай-ақ ұрланған малдарды сатып алған тұрғындар да белгілі болды. Тінту кезінде күдіктінің телефонынан ұрланған малдың фотосуреттері мен сатып алушылар арасындағы хат алмасулар да анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Қазір құқық қорғау органдары қосымша дәлелдер жинау үшін қоңыраулардың биллингісін тексеріп жатыр. Сонымен қатар қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары