АҚШ-тың Висконсин штатындағы христиан мектебінде атыс болды

Автор: Дулат Асель

 Қаза тапқандар мен жараланғандар бар 

Фото: Scott Bauer/Copyright 2024 The AP

Дүйсенбі күні Мэдисон қаласындағы (АҚШ-тың Висконсин штаты) Abundant Life жеке христиан мектебінде атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде табылған жасөспірім – сол мектептің оқушысы. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. 

Висконсин штатының губернаторы Тони Эверс X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жағдайды жіті бақылап отырғанын хабарлады. Ол қосымша ақпаратты күте отырып, Abundant Life мектебінің оқушылары, мұғалімдері мен бүкіл қауымы үшін дұға етуге шақырды. 

Тергеу барысында атыс 9 мм калибрлі тапаншадан жасалғаны анықталды. 

Атыс болған мектепте 390 бала білім алады.