17.12.2024, 07:30
Жаңалықтар
Шымкентте газ қондырғысы бар жеңіл көлік өртке оранды
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
Видеодан алынған кадр
16 желтоқсан күні Шымкенттегі Қонаев даңғылында газ қондырғысы орнатылған Audi A6 көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar-ға сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің шұғыл және үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 23 минут ішінде толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 10 қызметкері, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының 1 техникасы мен 3 қызметкері жұмылдырылды.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 23:42
Қызылордада хоккей жаттықтырушысы шәкіртін екі жыл бойы қорқытып, зорлап келген (ВИДЕО)
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)