Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал
Елордада оңтүстік-батыстан жел соғып, бұрқасын күтіледі
Қазгидромет еліміздің басым бөліігнде дауылды ескерту жариялады. Өңірлерде бұрқасын болып, қалың қар жауады деп болжанып отыр. Республиканың басым бөлігінде жел тұрып, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысы
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың батысында екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысы
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 16 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.
Атырау облысы
Күндіз Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 16 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 16 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасың күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Орал қ.: 16 желтоқсан түнде жаяу бұрқасын, күндіз тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.
Алматы облысы
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Конаев қ.:16 желтоқсанда жел батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.
Абай облысы
Абай облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 16 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысы
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Астана
Астана қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 16 желтоқсанда түнде қатты қар күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 16 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.