15.12.2024, 22:22
Жаңалықтар
Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді
Полиция жүргізушілер мен жолаушыларға жолда мұқият болуды, жол ережелерін сақтауды ұсынады
Коллаж: Azattyq Ruhy
Бүгін өңірде қалың қар жауып, көліктер кептеліске тап болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы - Ташкент - Термез автожолының 534-593 км учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Полиция жүргізушілер мен жолаушыларға жолда мұқият болуды, жол ережелерін сақтауды ұсынады.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
14.10.2026, 16:49
Жалақыны кешіктіру әдетке айналған: Есік қаласында дәрігерлер көмек сұрап, видеоүндеу жасады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды