Еліміздің бірнеше облысында көлік қозғалысы шектелді
Кей өңірде жол қозғалысы 16 желтоқсан күні сағат 07:00-де қайта ашу жоспарлануда
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірнеше облыста жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жетісу облысы:
2024 жылғы 15 желтоқсанда сағат 21:00-де Алматы-Өскемен автожолының 124-254 шақырым аралығындағы (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін) учаскеде қозғалыс шектелді.
Алматы облысы:
Сол күні сағат 21:00-де Алматы-Өскемен автожолының 77-124 шақырым аралығындағы (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін) бөлігі де жабылды.
Түркістан облысы:
2024 жылғы 15 желтоқсанда сағат 22:00-де республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез автожолының 593-674 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Жамбыл облысы:
2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 22:00-де республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Полиция жүргізушілерден ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, алыс сапарларды кейінге шегеруді сұрайды.